Жаңалықтар

Сұлу Қарғалының сазы       

Сарқырап аққан су қоймасы айналаны әсемдікке бөлеген бұл өлкені туристер «екінші Швейцария» деп атайды. Ал өзімізге Қарғалы өлкесі Швейцариядан да сұлу. Осы Қасқыр сарқырамасын көру үшін Қарғалыға жылына 3 мыңға жуық турист келеді екен. Қарғалының кең байтақ қойнауындағы шежіресі қалың тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштердің орыны бір төбе. Ендеше, мұндай әдемі өлкеден әдемі ән тууы да заңдылық емес пе?  Ел боп күресіп жатқан коронавирус індетіне бірлікпен, татулықпен  қарсы шыққан ақтөбеліктердің үніне қарғалылық өнерлі ұл-қыздар да үн қосты.

#BIZBIRGEMIZ челленджіне қосылған аудан өнерпаздары Бағдат Шамбаевтың «Қарғалы маршымен» қосылды. Әннің өн бойынан сұлу Қарғалының сазын сезінгіңіз келсе, мархабат!

#BIZBIRGEMIZ

Мейраммгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button