Жаңалықтар

«Аралтөбе вальсі»

Бүгінде #Біз біргеміз челленджі шеңберінде туған жерге сағынышқа толы әндерін жолдап жатқандар аз емес. Солардың қатарында Әйтеке би ауданы, Аралтөбе ауылының бір топ өнерлі жастары да бар.

Олар осы Аралтөбе ауылында мектеп директоры болған, әр жылдары аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қызмет атқарған марқұм Мұрат Қалмағамбетовтің әні мен сөзіне жазылған «Аралтөбе вальсін» шырқады.

«Жұмақтың төрі дескен

Туған жер кетпес естен

Жаныңа шуағын төккендей.

Киелі кәусар далам

Кемеңгер Былшық бабам

Өңірге өң беріп өткендей», — деп басталатын «Аралтөбе вальсін» автор 2002 жылы жазыпты.

Содан бері ауыл гимніне айналған бұл әнді аралтөбеліктер жатқа айтатын, қазір әлеуметтік желілер арқылы ел ішіне кеңінен таралып отыр.

Туған жерге арналған әнді Жайнагүл Мектепова, Ербол Орынбасаров, Бауыржан Шайкенов, Медет Смағұлов, Ердәулет Жанысов, Анарбек Байымбетов, Қымбат Қуантаева, Ақылбек Төретаев, Шамшырақ Көккөзова, Ерлан Отарбаев орындады. — Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар: денсаулық пен бос уақыт. Ауырмаңыздар! Дендеріңіз сау болсын! Біз, аралтөбеліктер, елмен біргеміз! — дейді осы челенджге атсалысып, ауылдастарының басын құрап жүрген Ерлан Отарбаев.

Сырлы әуенді «Аралтөбе вальсін» тыңдап көріңіздер!

#BIZBIRGEMIZ

Айнұр Жалмағамбетова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button