Жаңалықтар

Үйден шықпай-ақ, азық-түлік алу мүмкін бе?

6 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап Ақтөбе қаласының аумағында карантин режимі енгізілгені мәлім (Қаулының толық мәтіні «Ақтөбе» газетінің сайтында жарияланды).

Сол қаулыға сәйкес енді азық-түлік дүкендері мен супермаркет, гипермаркеттердің жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ұйымдастырылады. Сондай-ақ қаулыда супер және гипермаркеттер санитарлық және дезинфекциялық шараларды міндетті түрде сақтай отырып 20.00-ден 9.00-ге дейін тұтынушылардың қатысуынсыз тапсырыстарды шығарып беруі мен жеткізуі тиістігі көрсетілген.

Осыған байланысты біз карантинге қарамастан жұмыс жасап, жеткізу қызметін ұсынатын дүкендер мен мейрамханалар тізімін жасаған едік. Сонымен…

«Анвар» мен «Дина» супермаркеттерінде жеткізу қызметі бар ма?

Алдымен ақтөбеліктердің супермаркет десе, көз алдына келетін «Анвар» мен «Дина» сауда желілерінің иелеріне хабарластық.

Тек Ақтөбе қаласының өзінде 25 нүктесі бар «Анвар» сауда желісі бүгінгі таңда тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін санитарлық шараларды күшейткен. Сауда желісінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Анвар» өзінің барлық дүкендеріне адам денсаулығына қауіпсіз, тауарлардың сапасына әсер етпейтін вирусқа қарсы заманауи құралдарға тапсырыс бергендігін хабарлапты.

Бірақ санитарлық және дезинфекциялық жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқан сауда желісінде әзірге тауарды үйге жеткізіп беру қызметі іске қосылмапты. Сауда желісінің директоры Бақытжан Қизаевтың айтуынша, бүгінгі таңда бұл мәселелер шешілу үстінде.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласынан өзге Алға, Қандыағаш, Хромтау қаласының тұрғындарын сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтып отырған «Дина» сауда желісінің басшылығы да азық-түлік өнімдерін үйге жеткізіп беру бойынша жұмыстардың енді қолға алынып жатқандығын хабарлады. «Дина» сауда желілері қарайтын «Лучшие Решение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алмаз Елеуов қазіргі таңда «Динаның» барлық дүкендерінің сағат 10.00-ден 20.00 аралығында жұмыс жасап тұрғандығын, ал тауарларды үйге жеткізіп беру бойынша жұмыстардың енді қолға алынып, қаралып жатқандығын айтты.

Ақтөбедегі онлайн супермаркеттер туралы не білесіз?

Облыстық кәсіпкерлік басқармасы берген мәліметке сәйкес Ақтөбе қаласында азық-түлік пен тағам өнімдерін үйге дейін жеткізіп беретін бірнеше сауда желісі бар. Онлайн қызмет атқаратын бұл орындардың дені — дайын тағам өнімдерін жеткізіп береді. Ал азық-түлік тауарларына тапсырыс бергіңіз келсе, «7 еда.kz» немесе «Aqtobe goods» онлайн супермаркеттеріне хабарласа аласыз.

Өткен жылдың қараша айында іске қосылған «7 еда.kz» онлайн супермаркеті Ақтөбе қаласы бойынша әзірге көш бастап тұр. Бұл онлайн дүкен арқылы тұрғындар тек азық-түлік өнімдеріне ғана емес, сонымен қатар косметика, шаруашылық бұйымдары мен балаларға арналған тауарларға, тіпті зоо-тауарларға да тапсырыс бере алады.

Бұрын таңғы сағат 10:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қызмет көрсететін онлайн супермаркеттің де жұмыс режимі елдегі жағдайға байланысты өзгерген. Қазір 10.00 мен 19.00 аралығында жұмыс жасайды. Ал егер сіз кешкі 19.00-ден кейін тапсырыс жасасаңыз, онда қалаған тауарыңыз сізге тек келесі күні ғана жетеді. Тапсырыс қабылдаудың ең төменгі мөлшері 3 мың теңгеден басталады. Ал жеткізіп беру құны мекенжайыңызға байланысты 500 теңгеден жоғары.

Мәселен, сіз 5-ші, 8-ші,11-ші, 12-ші, 12 «Б» шағын ауданында немесе Кең дала мен Мәскеу ауданында тұрсаңыз, сізге тапсырыс берген тауарды жеткізіп беру құны 500 теңге болады. Ал Сазды-1,2,3,4, Шанхай, Құрмыш, Болашақ, қаланың ескі бөлігі немесе жаңа Батыс-1,2,3, Спутник, Тұрғынқалашық ауданына тапсырыс алдырғыңыз келсе, 600 теңге төлейсіз. Оңтүстік-батыс-2, Юнисити, Авиагородок, Сельмаш ауданының тұрғындары жеткізіп бергені үшін такси қызметіне 700 теңге төлесе, Кірпішті, Ақжар-2 ауылының тұрғындары үшін тауарды жеткізіп берген такси 1200 теңге алады. Ал Жаңақоныс, Ақжар-1, Қарғалы, Заречный, «Нұр Ақтөбе» аудандарында тұратын халық тауардың уақтылы жеткізілгені үшін 1500 теңге төлесе, Қурайлы, Солнечный, Кеңес Нокин ауылында тұратындар 2500 теңге төлейді.

Сондай-ақ жеткізілім бағасы тапсырыс салмағы 10 килограмнан асса, 3 қабаттан жоғары ғимаратта орналасса, көрсетілген мекенжайда лифтінің болмауына немесе бұзылуына байланысты өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар онлайн супермаркетте азық-түлік өнімдеріне онлайн түрде тапсырыс беріп, өзіңіздің алып кетуіңізге де болады. Ол үшін ешкімге ақы төлемейсіз.

Айта кетейік, кез келген тұрғын онлайн супермаркет туралы толық мәліметті 7eda.kz инстаграм парақшасынан немесе www.7eda.kz сайтынан біле алады.

Ал біз хабарласқан «Aqtobe goods» компаниясы әзірге сайтта толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, алдағы аптадан бастап толық жұмыс жасау режиміне көшетіндігін айтты.

Ал егер үйде отырып мейрамхана мәзірін сағынсаңыз, келесі мекенжайларға хабарласып, қалаған тағамыңызға тапсырыс бере аласыз.

1 Тамақ жеткізу қызметі Edok.kz Такси тариф бойынша
2 «FOOD NATION»
жеткізу қызметі
foodnation.kz Тапсырыс 3 мың теңгеден жоғары болса, жеткізу қызметі тегін
3 Мейрамханалардан тағам жеткізу қызметі aktobe.emenu.kz Жеткізу қызметі мекенжайыңызға байланысты
4 «Сhocofood» тамақ жеткізу қызметі aktobe.chocofood.kz Жеткізу қызметі мекенжайыңызға байланысты
5 Yaponski Sushi & Wok yaponski.kz Тапсырыс 3 мың теңгеден жоғары болса, жеткізу қызметі тегін. Ал қашықта орналасқан елді мекендер үшін такси тариф бойынша

 

6 «Nexxiopizza» пицца жеткізу қызметі nexxiopizza.kz Жеткізу қызметі мекенжайыңызға байланысты
 7 «Додо Пицца» пиццерия желісі dodopizza.kz Жеткізу қызметі мекенжайыңызға байланысты
8 Трисамурая трисамурая.рф Тапсырыс 3 мың теңгеден жоғары болса, жеткізу қызметі тегін. (Мекенжайыңызға байланысты). Ал 3 мың теңгеден төмен бағада тапсырыс берсеңіз, жеткізіп беру қызметіне 500 теңге төлейсіз.

 

9 «Sayasushi»  суши-бар sayasushi.kz Такси тариф бойынша
10 McDonald’s mcdonalds.kz Такси тариф бойынша
11 kfc kfc-kazakhstan.kz Такси тариф бойынша
12 burgerking burgerking.kz Такси тариф бойынша
13 Sushi-drive суши жеткізу қызметі http://www.sushi-drive.kz/ Такси тариф бойынша

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button