Жаңалықтар

#BIZBIRGEMIZ: дәрігерлерге ыстық тамақ жеткізілді

Елбасы — Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «BizBirgemiz» акциясы қолға алынып, бүгінгі күнге дейін ақтөбелік мыңдаған отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бүгін аталған акция аясында партияның қалалық филиалының ұйымдастыруымен  Nur Otan партиясының мүшесі, ақтөбелік кәсіпкер Бану Тілегенова облыстық клиникалық инфекциялық аурухананың қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырды. 2015 жылдан бері партия құрамына кірген кәсіпкер шама келгенше бір-бірімізге демеу болу  ортақ міндет екендігін айтады.

— Елдегі жағдайды барлығымыз көріп отырмыз. Өзім медицина саласының хирургия бөлімінде бірнеше жыл еңбек еттім. Дәрігерлердің жұмысы қаншалықты жауапты әрі қиын екенін жақсы білемін. Республика көлемінде  төтенше жағдай енгізілгелі бері денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің көбі үйлерінен жырақта жүр. Сондықтан «Зере», «Ұлпан» мейрамханасының ұжымы оларға төрт мезгіл ыстық тамақ ұсынуды жөн санады, — дейді кәсіпкер Бану Тілегенова.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button