Жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкер дәрігерлерге 20 тонна ет, 20 тонна картоп  жіберді

Ақтөбедегі «Актеп» ЖШС-ның директоры Нұрлан Сағыналин індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау білдірді. «Біз біргеміз» акциясына үлес қосқан кәсіпкер облыстық инфекциялық аурухана дәрігерлеріне 20 тонна ет, 20 тонна картоп жіберді.

— Бұл көмекті біреулердің айтуымен жасап немесе мақтанайын деген ниетпен көрсеткенім жоқ. Шын ниетпен қолдау білдіргім келді. Коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлердің еңбегі зор. Олар күні-түні науқастың өмірін сақтап қалу үшін жұмыс жасап жатыр. Осындай қиын сәтте  дәрігерлерді қолдап, көмек көрсетуді ұйғардық. Дәрігерлер ыстық тамақ дайындап ішсін деген ниетпен серіктестіктегі экологиялық таза өнім — ет пен картоп жіберіп отырмыз, — деді Нұрлан Сағыналин.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қиын кезеңде дәрігерлер өміріне бейжай қарамаған кәсіпкерге алғысын білдірді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button