Зиянды әдеттен аулақ бол!
Оқушыларды, жасөспірімдерді зиянды әдеттен қалай сақтандыруға болады? Осы мәселе төңірегіңде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарының ұйымдастыруымен қаламыздағы №6 орта мектепте «Зиянды әдеттердің алдын алу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
— Оқушылар арасында зиянды әдетке бет бұрғандар көптеп саналады. Ол жасырын
емес. Темекі түтінінің құрамында адам ағзасына кері әсер ететін бірнеше зиянды заттар бар. Нашақорлық тіпті, өз денсаулығыңа балта шапқанмен бірдей. Өмір бойы жазылмайтын дертке ұшырайсың.
Темекі шегіп, алкоголь өнімдеріне әуес болу мектеп жасындағы оқушы түгілі, ересек адамға да зиян. Ең бірінші денсаулығыңды құртасың, екінші, өзгелерге зиян тигізесің, — деді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Рыскүл Кабулова. «Әр бала жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, спортпен айналысуға, білімін жетілдіруге, кітапханаға барып, көркем әдебиет оқуға, суға жүзуге, бокспен айналысуға әдеттенуі керек. Денің сау, шымыр боп өсу — өз қолдарыңда!» — деді орталықтың педагог-валеологы Күлән Меңдігереева.
Зиянды әдеттердің алдын алу тақырыбында мамандар кеңес бергеннен соң ақпараттық материалдар таратылды.
Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ,
облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының баспасөз маманы.



