Жаңалықтар

Жағдай тұрақты, қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен  жедел әрекет ету штабының отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов,  сондай-ақ облыс әкімінің барлық орынбасарлары, видеобайланыс арқылы аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Қауіп күннен-күнге күшейген уақытта қаперсіз отыруға болмайтындығын айтқан облыс әкімі өткен басқосуда берілген тапсырмалардың орындалу барысын тыңдады. Облыс әкімінің  бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірде жағдайдың тұрақты екенін жеткізді. Барлық қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда.
Штаб мүшелері азық-түлік бағасына жүргізілген тексерулер кезінде сауда орындарында бірқатар кемшіліктердің анықталғанын атап өтті.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин төтенше жағдайға  байланысты Нұржауған Қалауовқа, сондай-ақ облыстық полиция департаменті және тауардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармаларының  басшылығына аудан әкімдерімен бірлескен түрде қауіпсіздік шараларын жан-жақты күшейтуді тапсырды.

Жедел штабтың отырысы күніне екі рет өткізіледі. Таңертеңгі сағат 8:00-де берілген тапсырманың нәтижесі тексеріліп, кешкі сағ 20:00-де қорытындыланады. Жедел әрекет ету штабы елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап осындай режимде жұмыс жасап жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button