Жаңалықтар

Бетперделерді тегін таратты

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Байғанин ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер еріктілер тобын құрды. Олар індеттің алдын алу мақсатында аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға медициналық бетперделерді тегін таратып жатыр.
—  Елде белең алған індетке байланысты  «Жалынды жастар» еріктілер тобын  шұғыл құрдық. Оның құрамында аудандық әкімдіктегі мемлекеттік қызметкерлер, жас мұғалімдер бар.
Медициналық бетперде тек біздің ауданда ғана емес, облыста, еліміз бойынша тапшы. Сол себепті өзіміз қаражат жинап, аудан орталығындағы тігін шеберханасына тапсырыс бердік, — дейді еріктілер тобының көшбасшысы Дәурен Нұрлыбекұлы.
Қазірдің өзінде еріктілер аудандағы  58 отбасыға медициналық бетперде таратқан. Сондай-ақ олар сақтық шараларын күшейту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен қоғамдық орындарда жадынамалар таратуда.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button