Жаңалықтар

Талап пен тәртіп

Рейд

«Қауіпсіз мектеп» жедел алдын алу шарасы кезінде облыстық ішкі істер органдарына 117 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

Іс-шараның мақсаты —  кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Шара кезінде ювеналды полиция инспекторлары саябақтарда, ойын-сауық орындарында, жастар көп жиналатын жерлерде рейд жүргізді. Ата-ана және  мектеп, арнаулы оқу орындары директорларының қатысуымен кездесулер өтті.  Полиция қызметкерлері түнде балалардың жалғыз жүрмеуін қадағалауды тапсырды. Осы шара аясында түн ішінде  ата-анасыз жүрген  кәмелетке толмаған 117 бала ішкі істер органдарына жеткізілді. Ал  міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 11 ата-ана есепке алынды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button