Жаңалықтар

Ашық есік күндері  өтіп жатыр

Кәсіподақ

Кәсіподақ орталығында ашық есік күндері өтіп жатыр. Шараға Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығы, Nur Otan партиясының өкілдері мен қалалық сот судьялары және еңбек инспекторлары қатысты.

Азаматтардың өтініштері негізінен еңбек дауларын шешу, жалақының кешігуі, зейнетақы мен жәрдемақы алу, әлеуметтік және медициналық сақтандыру және несие мәселелеріне қатысты болды.

Айталық, Ақтөбе қаласының тұрғыны Ұлмекен Аманғожина құлағы естімейтін, тек ыммен тілдесетін қызына жолдасының ақшалай несие алғызғанын, енді ол несиені төлемей кеткендігін айтып шағымданды. №3 қалалық соттың төрағасы Нәзира Аманқұлова  шағымданушыға жөн сілтеп, кеңес берді.

Ал «Синоэк Қазақстан» серіктестігінің басшылығы кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, мәселелерін шешу жолдарын ортаға салды. Сондай-ақ, «Казойлтранспорт» серіктестіктерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері де еңбек құқықтарын сақтау, жалақыны уақтылы төлеу мәселелері бойынша шағымдарын айтты. Оларға да жан-жақты кеңес беріп, реті түсіндірілді.

Ақтөбе облысы бойынша Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Жеңісбек Ақбергенов бұл жерде медиация рәсімін өткізіп, тегін заң кеңесін алуға болатын «Татуласу орталығы» жұмыс істейтінін айтып берді.

Айта кетсек, Кәсіподақ орталығының мәжіліс залында әр бейсенбіде сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін тұрғындарды қабылдау жүргізіледі. Ашық есік күндері 1 сәуірге дейін жалғасады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button