Жаңалықтар

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ақ жұмысшыларының жалақысы 25%-ға жоғарылады

Биыл облыстағы ірі мұнай компаниясы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмысшыларының еңбекақысы артты.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің айтуынша, биылдан бастап компания жұмысшылары бұрынғыдан 25 пайыз жоғары жалақы алады.

  • Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыс аумағындағы компаниялардың басшыларына қаржы тауып, жұмысшылардың еңбекақысын көтеру туралы тапсырма бергені белгілі. Осы орайда өңірдегі ірі компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы 6550 қызметкер мен олардың отбасына (шамамен 33 мың адам) үлкен қолдау танытып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар облыстағы басқа да кәсіпорындарда жалғасатын болады, — дейді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кету керек, өткен жылы облыста орташа еңбекақы мөлшері 13,9 пайызға артқан.

  Д.АЙДАРОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button