Жаңалықтар

Кезекті сапардың нәтижесі

Ақтөбе медициналық орталығына Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қарамай қаласындағы орталық ауруханадан делегаттар келді.

Қытай клиникасының директоры Е. Чжоу бастаған мамандар  аурухананы аралады, жедел медициналық көмек көрсету, инсульт орталығы, хирургия бөлімін көрді. Кездесудің соңында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Жалпы бұл көрші ел мамандарының алғашқы сапары емес. Қытайлықтар өткен жылы да аурухана жұмысымен танысып кеткен. Кейін телемедицина бойынша байланыс орнады. Бұл жолғы сапар екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды нығайта түспек. Ынтымақтастық аясында телемедицина, мамандардың тәжірибе алмасуы секілді жұмыстар жалғасын табады, сондай-ақ дәстүрлі қытай медицинасы бойынша да бірлескен жобалар талқыланбақ.

Делегаттар аурухана ішіндегі музейді, аймақтың денсаулық сақтау саласының жетістіктерін көрді. Облыс дәрігерлерінің жетістіктерін жоғары бағалады.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button