Жаңалықтар

Автобустар тексерілді

Көлік

15-17 қаңтар аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Шара аясында жоспардан тыс және жоспарлы тексерулер, жолға шыққан кезде көлік құралдарының техникалық жарамдылығы, соның ішінде заңсыз қайта жабдықталған автобустар, техникалық жағдайы мен конструкциясы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилер тексерілді.

Үш күн ішінде автобус жүргізушілері арасында 239-дан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 55 жүргізуші жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 12 жүргізуші автокөлікті техникалық байқаудан өткізбей жүргізген, сонымен қатар 56 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17 автобус жүргізушісі жылдамдық режимін асырғаны үшін жауап берді. Сондай-ақ көлік компанияларында жұмыс істейтін  3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button