Жаңалықтар

4353 адам суға түсті

«Крещение Господне» православиялық мейрамы кезінде, яғни 18 қаңтарда сағат 21.00-ден 20 қаңтарда сағат 9.00-ге дейін аймақтағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының жеке құрамы күшейтілген негізде жұмыс жасады.

Облыс бойынша 19 суға түсу орны ұйымдастырылды, оның 5-еу — Ақтөбе қаласында. Атап айтқанда, 3 орын — «Болашақ», «Көпір асты», «Жағажай»  жағажайларында, ал екі суға түсу орны «Грин Лэнд» және «Халва» жеке жағажайларында (ақылы негізде) ұйымдастырылды. Мейрам күндері Ақтөбе қаласы Ясный және 41-разъезд тұрғындары ұйымдастырған Ақтөбе су қоймасы аумағында 1 рұқсат етілмеген шомылу орны анықталған.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша 2 күн ішінде 4353 адам суға түсті, оның 390-ы — балалар. Бірінші күні облыс бойынша 3224 адам (226-сы бала), оның ішінде қалада — 2082 адам (112-сі бала) суға түссе, екінші күні облыста 1129 адам (164-і бала) суға түскен.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған құтқарушылардың жалпы саны — 166 адам. Сол сияқты бұл іске 46 бірлік техника тартылды. 18-20 қаңтар аралығында бұл жерлерде құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері кезекшілікке тұрақты шықты. Барлық жерде азаматтар үшін жылыту пункттері орнатылып, аумақты жарықтандыру ұйымдастырылды, — деді департамент өкілдері.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button