Жаңалықтар

Суицидке жол берме!

Биылғы жылы облыс бойынша кәмелеттік жасқа толмаған сегіз жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаса, екі жасөспірім өзін өзі өлтіруге ниеттенген.

Баланың жасы өскен сайын отбасындағы, өз ортасындағы және  қоғамдағы кейбір әлеуметтік мәселелер ауыр тиюі мүмкін. Осындай кезде ең алдымен ата-ананың  және бала өміріне жауапты мүдделі мекемелер мен органдардың жауапкершілігі өте үлкен. Әсіресе, отбасы татулығының маңызы зор. Мәселен, біздің департаментке түсетін сұрақтардың 25 пайызы отбасындағы шиеленіске байланысты. Осындай кезде балалар психологиялық күйзеліске ұшырап, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүр болады екен. Сондай-ақ жеке басындағы мәселелерді шешу кезінде қол ұшын берер адамдардың жоқтығынан да күйзеліске түседі. Сондықтан әрбір ата-ана мен мұғалім баланы ересек адам қатарында санап, онымен үнемі сырласып, жақындық танытып отырғаны жөн. Баланың көңіл-күйін бақылап, қайғылы оқиғаға жол бермеуі керек.

Н. ИМАНАЛИНА,

облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекші маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button