Жаңалықтар

Ақтөбелік еріктілер жақсылыққа қарай жүгіреді!

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе – адалдық – алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Ізгілік елшісі» жобасы аясында еріктілер жылына бастау беру мақсатында марафон өткізеді.

Марафонға кез-келген ниет білдірушілер қатыса алады.

Жүгіру қашықтығы – 3 км.

Марафонға тіркелу және толық ақпаратты 8-775-693-19-95 байланыс нөмірі арқылы біле аласыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button