Жаңалықтар

Облыстың 848 212  тұрғыны тегін қызмет алады

Облыстық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары, өңірлік штаб жетекшісі Марат Тоқжанов  төрағалық еткен жиынға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Манат Ысқақов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің директоры Айдар Айтуев және  штаб мүшелері, МӘМС қорының, денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен медициналық мекеме өкілдері қатысты. Жиында өңірлік штаб жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы, тұрғындарды актуализациялау туралы баяндалды.

Өткен жылдың 31 желтоқсанындағы дерекке сай, обылыста  370 мың 824  тұрғын үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 11 миллиард  323 миллион 774 мың теңге жарна мен төлемдер аударылды.

Облыста биылдан бастап жалпы 848 212  тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді тегін пайдалана алады. Жалпы облыс халқының саны — 878 653 адам. Бұл туралы медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі республикалық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова мәлімдеді.

Биылдан бастап жеңілдігі бар 15 санатқа жататын тұрғындарға сақтандыру пакетіндегі қызметтер мемлекет есебінен көрсетіледі. Бүгінгі таңда бұл қызметті  өңіріміздің  477 388 тұрғыны тегін алады, — деді Гүлмира Қожаниязова.

Филиал басшысы ақтөбеліктерді медициналық сақтандыру жүйесімен толыққанды қамту, барлық медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелерді бір ізге келтіру, әрбір тұрғынның мәртебесін анықтау мәселелерінің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, былтырдан бері 107 574 актуализацияланбаған ақтөбеліктердің 100 046-сы немесе 93%-ы бүгінгі күні актуализацияланды. Қалған 7 488 адам бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жиын соңында вице-министр Олжас Әбішев жиналғандарға бірде-бір адам медициналық көмектен тыс қалмауын ескертті. Сәуір айына дейін емхана дәрігерлері келген тұрғындар қамсыз қалмас үшін  жаңа жүйені айта беруі керек. Емдеу мекемелері  ақпараттың жүйелерін жетілдіруі тиіс. Дәрігерлер МӘМС туралы білімін арттыруы керек. Тиісті мекемелерге осы мәселелерді ескерткен вице-министр шаруаны тиянақты жасауды тапсырды.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button