Жаңалықтар

Депутаттар геологтармен кездесті

Дүйсенбі күні Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті жанындағы  ғылыми-коллекциялық тас қоры және аймақтық геологиялық көрмесінде болды.

1969 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан көрмеде геологиялық құрылымның ерекше белгілерін сипаттайтын 43186  тау-кен жыныстары мен кен, фауна және флора қалдықтарының қазба үлгілері бар 932 топтама, 126 000 шлифті 434 топтама, фототеканың 366 топтамасы сақталуда.

«Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерен Жекеевтің айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылы объектілік жоспарға сәйкес, мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен 16 орында, ал пайдалы қатты қазба бойынша 15 объектіде  жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ өткен жылы облыс аумағында жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша 33 келісімшарт негізінде 10 компания жұмыстар жүргізіп, 11 объекті бойынша барлау лицензиясы рәсімделген.

Ал 2020 жылға 10 объекті бойынша жұмыстар жүргізу үшін республикалық бюджеттен 665,5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері геология департаментінің қызметкерлерімен кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айта келе, геология ғылымының бүгіні мен болашағы жөнінде әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында геология саласының ардагерлері халық қалаулыларына аталған саланың бүгінгі таңдағы жағдайын айтты.

«Алтын жиек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға геологы Әлиасқар Ниетқалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда геология саласында жүрген мамандардың ең жасының өзі 60-қа таяп қалған. Жастардың бұл салаға келмейтіндігін айтқан ол,

15 жылдан кейінгі жағдайды елестетудің өзі қиын екенін айтады. Айтуларынша, бұл мамандыққа барған жастардың жұмыс тауып, тәжірибеден өтуінің өзі қиын.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button