Жаңалықтар

Рождество мерекесімен құттықтады

Сейсенбі күні ақтөбеліктер Рождество мерекесін атап өтті.

Бұл күні таңертең облыс орталығындағы шіркеуге православ христиандары жиналды. Облыстағы барлық православтар шіркеулерінде Рождестволық жоралғылар жасалды.

— Қазақстанда 7 қаңтар мереке күні болып белгіленгеннен бастап Рождестволық литургияны қалт жібермеймін. Үйім шіркеуге жақын. Немеремді ай сайын осында ертіп келемін. Ал Рождество мерекесінде шіркеуге міндетті түрде келеміз. Бүгін өзім де Құдайға сиындым, — дейді 11-шағын ауданның тұрғыны Светлана Ивановна.

Рождество мерекесінде дін қызметшісі шіркеуге келген діндарларды Бүкіл Русь Кирилл митрополиті, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл, сондай-ақ Қазақстан және Алматы митрополиті Александрдың атынан мерекемен құттықтады.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов православтарды облыс әкімінің атынан құттықтап, лебізін жеткізді:

— Рождество — мейірімнің, бейбітшіліктің мерекесі. Дәл осы күні адамдар өмірлік құндылықтар туралы ойланып, қол жеткен жетістіктерін саралайды. Бүгінгі күні елімізде бейбітшілік пен келісімнің арқасында республикамыз алға қарай дамып келеді. Үміт, мейірімділік, шаттық — осының бәрі бүгінде Қазақстан халқының басты байлығы. Мен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің атынан барлық православтарды Рождество мерекесімен құттықтай отырып, әр отбасыға бақ пен береке, ауызбіршілік тілеймін.

Бұдан кейін иеромонах Киприан жергілікті билік өкілдеріне алғысын жеткізіп, шіркеу хоры  «Христос дүниеге келді» әнін орындады.

                                                                       Татьяна ВИНОГРАДОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button