Жаңалықтар

Көмектің нәсібі — Ксенияның кәсібі

Кәсіпкерлік

Үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек алып, оны тиімді жарату арқылы жаңа кәсібіне жан бітіргендер бар. Соның бірі — Қарғалы ауданыҚосестек ауылының тұрғыны Ксения Даниярова өзіне тағайындалған ақшаға тігін цехын ашып алды.

Ол оған дейін де жатпай-тұрмай ақша жинаған. Бұрын қалада тігін цехында жұмыс істеп жүріп, тігіншіліктің ауылда сұранысқа ие екенін байқайды.  Қазір ескі киімдерді қалпына келтіріп, түрлі кестелер жасап қызмет көрсетіп жатыр. Ксения жыл жарым бұрын атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат жинап, өтініш берген. Оның арызы қанағаттандырылып, кәсібін бастау үшін атаулы әлеуметтік көмектің есебінен рәсімдеп, шағын несие алды. Қазір ай сайынғы төлемін атаулы әлеуметтіктің қаражатымен жауып отыр.  Бүгінгі күні ауылдастарына осындай шағын кәсібімен үлгі көрсеткен кәсіпкер ісін бұдан әрі кеңейтуді жоспарлап қойған. Мектеп жасындағы үш баланың анасы күнделікті табысын қолының місекерлігімен айырады. Тігін цехын ашу оның көптен бергі арманы болыпты.

Екі жыл Ақтөбе қаласында тігін цехында жұмыс істедім. Одан кейін ауылға келіп үйден тапсырыс қабылдадым. Бірақ тапсырыс берушілер үшін де, өзім үшін де қызмет көрсететін арнайы нысан керек болды. Жинап жүрген ақшама қосып несие алып, оны тұрғыздым. Табысымнан айына 50-60 мың теңге кіріс кіреді. Тапсырыс әр кезде әрқалай. Мысалы, тамыз айында келушілер өте көп болды. Оқушылардың мектеп формасын дайындадым. Тек қана киім пішіп, тікпеймін. Қандай тапсырыс болса да тұтынушылардың талғамына қарай әр түрлі қызмет көрсетемін, — дейдікәсіпкер Ксения.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button