Жаңалықтар

Әлихан жүлдегер атанды

«Жас алаш» газеті жариялаған «Қазақ пен қала» байқауының қорытындысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 4-курс студенті Әлихан Жақсылық ІІ орынға ие болды.

Қазылар алқасына белгілі қаламгер Жұмабай Шаштайұлы төрағалық еткен. Байқау қорытындысы бойынша үш жүлдегер, екі адамға ынталандыру сыйлығы және Есенқұл Маманов атындағы арнайы сыйлық тағайындалған.

І орынға — Нұрбек Нұржанұлы, ІІ орынға — Әлихан Жақсылық, ІІІ орынға Бекзат Алтынбек ие болды.
Бұл байқау биыл екінші рет өтіп отыр. Былтыр жүлдегерлердің шығармалары «Қазақ пен қала» атты жинақ болып шыққан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқау қорытындысы бойынша да жинақ шығару жоспарланған.

Біз Әлиханды жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button