Жаңалықтар

Біздің Айбек — бірінші!

Әріптесіміз, облыстық «Ақтөбе» газетінің экономика бөлімінің тілшісі Айбек Тасқалиев Ұлттық инновациялар байқауында I орынды жеңіп алды.

Республикалық байқаудың марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

«Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, соның ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың мақсаты — инновация, экономика тақырыптары бойынша ізденіп, қалам тербейтін журналистерді анықтау, оларға қолдау көрсету.

Дәстүрлі шараға осы жылы журналистика аталымы бойынша 267 БАҚ өкілі қатысқан. Олардың арасында газет-журнал, телевизия, радио және сайттарда жұмыс жасайтын әріптестеріміз бар. Солардың арасынан әріптесіміз Айбек Серікұлының материалы «Қазақ тіліндегі инновациялық тақырыпта жазылған баспа басылымдағы ең үздік материал» деп танылды. I орын иегеріне диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Өз кезегінде жеңімпаздарды қоғам қайраткерлері, депутаттар, жоғарыда аталған ведомствоның өкілдері мен сала мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар комиссиясы таңдаған.

Айта кетейік, 5 номинация бойынша өткізілген республикалық байқауға журналистерден бөлек, ғалымдар, өнертапқыштар да қатысты.

Айбекті жеткен жетістігімен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button