Жаңалықтар

Тәлім-тәрбиенің бесігі

Зерде

Таяуда №27 мектеп-лицейдің 6-сыныбының оқушылары Ақтөбе ішкі істер департаментінің мұражайында болды.

Оқушылардың ішкі істер департаментінің мұражайына саяхатының мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру, елдің тыныштығын күзететін полиция қызметкерлерінің өткен тарихы мен бүгінгі жұмысын біле түсу болатын.

Аталған музейдің меңгерушісі,  бұған дейін қаладағы «Әлия» мұражайында қызмет істеген, кәсіби маман Айша Өтеулина оқушыларды мұражай жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, бүгінгі күні оның қорында 2000-ның үстінде экспонат жинақталған. Полиция қыметкерлерінің  ерлік істерін баяндайтын көпшілік экспонаттар еліміздің өткен тарихымен тығыз байланысты.

Осы шара үстінде мұражай қорына тағы бір құнды жәдігер қосылды. «Қос шынар» Әлия, Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес мұражайға жиырма жылға жуық облыстық ішікі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып қымет істеген, милиция полковнигі, Қазақ ССР ішкі істер ісінің үздігі, өмірден өткеніне 10 жыл болған Нығымет Серікбаевтың «Мылтық қарауылына ілінген тағдыр» кітабын тапсырды. Ғалекең оқушыларға өзіне туыстық жақындығы бар аға туралы нақты деректер келтіре отырып, қызықты әңгіме айтып берді.  Тәртіп сақшысының өңірімізде болған талай шырғалаң оқиғаларға қатысып, ерлік істерімен көзге түскені айтылды.

Шараны өткізушілер оқушылардың мұражай жөніндегі лебіздерін тыңдап, олардың қойған сауалдарына жауап берді.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button