Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат отырысында  облыс әкімінің экономикалық мәселелері бойынша жаңа орынбасары таныстырылды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, өңір басшысының бұйрығымен бұл лауазымға Руслан Мамунов тағайындалды.
39 жастағы Руслан Маратұлы Мамунов Ақмола облысында туған. «ҚазТұтыну» одағының экономикалық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Эдинбург қаласындағы  Шотландия менеджмент және маркетинг мектебін экономист, заңгер, МВА корпоративтік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақмола облысы Ақкөл аудандық салық комитетінде маман болып бастаған.
«ҚазМұнайГаз» АҚ менеджері, бас менеджер, қоғамның еншілес компанияларында департамент директоры, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы, «KazSatNet» АҚ келісімшарттар бөлімінің басшысы, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button