Жаңалықтар

Қабылдау өткізіледі

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 21 қарашасында Республикалық Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өткізіледі. Осыған орай барлық жергілікті атқарушы органдардың басшылары қабылдау жүргізеді. Қалалық жергілікті атқарушы органның қабылдауы «Халықтық кеңсе» ғимаратында (Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 249), Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімдігінде (Сәңкібай батыр даңғылы, 145 «б»), Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімдігінде (Қарғалы елді мекені, Октябрьдың 60 жылдығы атындағы көше, 70 «б») өтеді. Қабылдау уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін. Сонымен қатар қабылдауға сот, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button