Жаңалықтар

Олжас Ибраев — драма театрдың директоры

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры директорының міндетін атқарушы болып Олжас Ибраев тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев таныстырды.
Олжас Ибраев елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі ҚР халық артисі Гүлжан Әспетованың шеберханасында «Драма театр және кино актері» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сондай-ақ Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын да тәмамдаған.

Еңбек жолын «Хабар» арнасындағы «Менің жерім» атты Қазақстанның тарихи-өлкетану мұралары туралы бағдарламаның тележүргізушісі болып бастап, «Қазақконцерт» РМҚК «Астана Мюзикл» мемлекеттік театрының труппа меңгерушісі, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында шығармашылық бөлім және халықаралық қатынастар және гастрольдер бөлімінің басшысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұлттық өнер факультетінің деканы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, еліміздің кино индустриясына да өз үлесін қосып, «Айжан», «Шекара» сериалдарынан бөлек, «Әли» фильмінде басты кейіпкердің рөлін сомдаған.

Соңғы жылдары көптеген халықаралық, республикалық театр фестивальдерін ұйымдастыруға атсалысып, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мен «Астана Мюзикл» мемлекеттік театры артистерінің қатысуымен өткен Францияның Авиньон қаласындағы «Avignonoff» халықаралық театр фестиваліне, Түркияның Адана қаласында өткен «V халықаралық түрік халықтарының театр фестивалі» жобасына М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры ұжымына жетекшілік етіп, еліміздің атынан қатысып, көптеген тәжірибе жинақтаған.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button