Жаңалықтар

Оқушылар Мұңалбекпен кездесті

Газетіміздің өткен сандарының бірінде Ақтөбе қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Мұңалбек Құлымбайдың қызметтен тыс уақытында Прохоров көшесі маңындағы көп қабатты үйден өрт шығып жатқанын байқап, біраз адамның өмірін сақтап қалғанын жазған едік.

Осыған орай қалалық жастар ресурстық орталығы №24 орта мектептің мәжіліс залында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында бейбіт күннің батыры Мұңалбек Құлымбай оқушыларға әуелі өрт шығып жатқанын байқағанда қалай әрекет ету керектігін, өзінің басынан өткен оқиғасын, салмағы ауыр қарияны бір өзі қалай арқалап алып шыққанын әңгімелеп берді. Одан әрі Мұңалбек оқушылар сұрақтарына жауап беріп отырды. Өрт сөндіруші жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданатынын айтып, «Жігіт кез келген уақытта физикалық тұрғыда мықты, шымыр әрі тез шешім қабылдайтын ержүрек болуы керек» деп, әңгімесін түйіндеді.

Ал қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов Мұңалбек Құлымбайды Алғыс хатпен марапаттап, оған Ақтөбенің 150 жылдығының эмблемасы салынған жейде, бас киім және саптыаяқ  табыстады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button