Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегімедициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.

Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, оториноларинголог, окулист, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-аққан, дәрет талдамасы, флюорография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар-жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөніндегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда: жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында; жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде; жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде талап етіледі.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы бойынша 18 мыңнан астам азамат жүргізуші куәлігін алды.

Әсел МҰСТАФИНА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button