Жаңалықтар

«Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Еңбек Жолы» конкурсынын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарынасәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2019 жылы өткізуін хабарлайды.

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы»конкурсын(бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:   1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам»бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралыоң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.

Кәсіпорынның (саласынақарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті»–еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттарыең көп, ең көп санды әулет таңдалады.

Конкурсқа меншiктiң барлық нысанымен ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдеріқатыса алады.

Еңбек әулеті – бір ұйымныңбір отбасыныңекі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен),қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жылжұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауғатиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» -жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгертаңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезеңөңірлік деңгейде өткізіледі:

1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, онлайн дауыс беру;

2)онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан облыстық комиссиямен «Еңбек жолы» байқауының өңірлік деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздарыарасында өткізіледі:

1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, ҚР ЕХӘҚМ-нің сайтында онлайн дауыс беру;

2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан республикалық комиссиямен «Еңбек жолы» байқауының республикалық  деңгейінің жеңімпаздарын анықтау.

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 27 қазанында «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» республикалықфорумы өтетін күні Астана қаласында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадайқұжаттар ұсынылады:

1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4)конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5)еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;

7) қысқа өмірбаянмен ақпарат, дауыс беруге шақыратын әрбір қатысушының үндеуінен тұратын бейнеролик.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволықнаградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардыңкөшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

  • 2019 жылғы 10 маусымнан 2 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау;
  • 2019 жылғы 2-31 шілдеге дейінгі мерзімде облыс әкімдігінің сайтында онлайн дауыс беру;
  • 2019 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиямен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау;
  • 2019 жылғы 15-31 тамызға дейінгі мерзімде өнірлік еңбек форумдарында женімпаздарды марапаттау;
  • 2019 жылғы 19 тамызға дейін «Еңбек жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну;
  • 2019 жылғы 20 тамыздан 16 қыркүйекке дейін ҚР ЕХӘҚМ-нің сайтында онлайн дауыс беру;
  • 2018 жылдың 15-25 қыркүйек мерзіміне республикалық комиссиямен «Еңбек жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;
  • 2019 жылғы қыркүйек-қазан айына «Еңбек жолы» конкурсының женімпаздарын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» республикалық форумында марапаттау.

Осыған сәйкес республикалық «Еңбек жолы» конкурсына белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз.

Нақты ақпарат пен кеңесті Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101- үйде орналасқан Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 222-кабинетінде ала аласыздар. тел.: 54-58-17, басқарманың веб-сайты: www.social.aktobe.gov.kz.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button