Жаңалықтар

Студенттерге де қаржылық сауаттылық керек

Бір топ жас Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі, қаржы ұйымдары, жалпы салаға қатысты қызметтер арқау болған кездесуге қатысты. Қаржыгерлер студенттерге өткізген шара барысында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жайына да тоқталды.

Ұлттық банктің облыстық филиалының бас маманы Мәди Сарбупиннің айтуынша, мақсат — аталған мекеменің қолға алған бағдарламалары бойынша түсінік беріп, қатысушылардың банк ісіне қатысты сұрақтарына жауап беру.

— Мысалы, «Қайта қаржыландыру» бағдарламасы туралы айтамыз. Ипотекалық заемдарға арналған бұл жоба осыдан екі жыл бұрын жарыққа шыққан еді. Бүгінгі таңда 140 миллиард теңгеден астам сомаға ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылды. 

Соңғы жылдары жастар көптеген сұрақтарды ойлайн-байланыс арқылы алатын болды. Яғни белсенділік бар. Осыған қарап студенттердің, жас буынның қаржылық сауаттылығы жыл санап артып келе жатыр деп айтуға болады.

Бұған дейін осындай кездесулер қаладағы кәсіпорындарда ұйымдастырылды. Мектептерге бардық. Енді, міне, жоғары оқу орындарындағы жастармен кездесіп отырмыз, — дейді Мәди Сарбупин.

Сондай-ақ, Қазақ-орыс халықаралық университетінде өткен басқосуда Ұлттық Банктің қызметкерлері микроқаржы ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, «7-20-25» бағдарламасы, т.б. туралы айтты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button