Жаңалықтар

Шетелдіктер сауалнама толтырды

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде оқитын шетелдік студенттер арасында сауалнама жүргізді. Мақсат —  мемлекеттің сыбайлас жемқорлықтан қорғау үшін қандай тетік ұсынатынын білім алушыға жеткізу.

Департамент басшысы Расул Медетов студенттерге сауалнаманың мақсатын түсіндірді. Жемқорлыққа жол берілген жағдайда азаматтар қандай жауапкерлшілікке тартылатынын айтты.  Жалпы студенттер арасында жасырын сауалнама жүргізу әдісін  республикада бірінші болып Ақтөбе қолға алды.

Төрт университетте сауалнама жүргізілді. Студенттер оқытушылардың аты-жөнін ашық көрсетті. Тіпті бір оқу орнында 10 оқытушының  заңсыз сыйақы алатыны жазылған. Ал заңсыз сыйақының көлемі 1000-80 мың теңге аралығында. Оның ішінде  80 мың теңге сыйақы алатын оқытушылар осы университеттен болып отыр. Бұл — бір емтиханның құны. Сондықтан бұндай сауалнаманы шетелдік студенттердің де арасында жүргізіп көруді жөн санадық, — деді департамент басшысының орынбасары Рафхат Бейсенов.

Аталған білім ордасында 200-ге жуық шетелдік студент оқиды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button