Жаңалықтар

Мерекелік марапаттау

«Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығында мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесі аталып өтілді.

«Мәдениет — елдің айнасы» атты салтанатты шарада ҚР Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Иманқұлова құттықтау лебіздерін білдіріп, марапаттау рәсімдерін жасады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен облыстық «Ақтөбе» газетінің бөлім меңгерушісі Нұрмұханбет Дияров, «Қазақстан Республикасы кәсіподағының ардагері» төсбелгісімен бұқаралық ақпарат саласы ардагерлері Жақсылық Айжанов, Серік Бисенов, «Ақтөбе» газетінің жанашыры тұрақты оқырманы Нурылла Өскінов марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиевке берілді.

Мәдениет қызметкерлері Нағима Тілембаева, Іңкәр Әлібекова, Дәметкен Шынтаева, Марина Бельтюкова, тағы басқаларының еңбектері аталған министрліктің және салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен аталып өтілді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button