Жаңалықтар

6655 әскери бөлімінде болды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 6655 әскери бөлімнің Ұлттық гвардия әскери қызметкерлерімен кездесті.

6655 әскери бөлім қаруландыру қызметінің бастығы капитан Станислав Вдовкин облыс басшысын бөлімшенің жарақтандырылуымен, өздеріне жүктелген міндетті орындауға әзірліктерімен таныстырды.

Оңдасын Сейілұлы Ұлттық гвардияның жаттығуларын көріп, бөлімнің жеке құрамының жауынгерлік дайындығы деңгейін бағалады.

Әскери бөлім командирі, подполковник Мирас Тұрдалин атап көрсеткендей, мерзімді және келісімшарттық әскери қызметкерлер қажет болған жағдайда азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртіпті қорғау бойынша әскери борыштарын абыроймен орындауға әзір.

— 2016 жылғы маусым оқиғасын біз ұмытқанымыз жоқ. Кезкелген шабуылдың бетін қайтару үшін кезекші күштер мен құралдар әр уақытта толығымен жауынгерлік әзірлікте болады. Аумақты жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды, жеке құрам жақсы дайындықтан өтті,— деді ол.

Оңдасын Оразалин жауынгерлік борыштарын өтеу барысында қаза тапқан бөлімнің әскери қызметшілерін еске алу мемориалдық қабырғасына гүлдесте қойды. Сондай-ақ, Жауынгерлік даңқ бөлмесінде болып, 2016 жылғы 5 маусымда қызметтік парызын өтеу үстінде қаза тапқан Досбол Сапар, Берікжан Қалиев және Даниэль Майлыбаевтардың ерліктерін айғақтайтын қойылымдармен танысты.

Облыс басшысы сондай-ақ, жауынгерлердің тұрмыстық жағдайларын көріп, автопаркті, командалық пунктті аралады, бөлім басшылығымен бөлімшелердің проблемаларын талқылады.

Татьяна ВИНОГРАДОВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button