Жаңалықтар

Міндеттің мерзімі ұзарады

Брифинг

Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметі базасында көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша брифинг өтті. Онда өткен жылдың жұмысы қорытындыланып, алдағы жылдың жоспары таныстырылды.

Өткен жылы әскер қатарына облыстан еліміздің әр өңіріне 2000 сарбаз аттанған. Бұл — жоғары көрсеткіш.

— Облыста әскерге жарамды 21 мың адам болса, Қорғаныс істері министрлігінің қойған талабы — соның 10 пайызын қамту. Біз 2018 жылдың көктем, күз айларында әскерге шақыру науқанын асыра орындап, республика бойынша 1- орын алдық. Биылғы жылдың алғашқы легі жуықта Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.  Көктемгі науқанда 1000 сарбаз әскерге жіберіледі, — деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерге шақыру бөлімінің бастығы  Абай Тоқсанбаев.

Ал денсаулығы жарамды болса да әскерге бармай қалған  24-27 жас аралығындағы жастар 40 күндік әскери-техникалық мектепте оқуға мүмкіндігі бар.  Әскерге барып келген азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке тұра алады.

— Сарбаздар арасында діни ахуал тұрақты. Намаз оқитын жастар болғанымен теріс ағымдағы жастардың тіркелген жоқ. Жастардың әскерден жалтаруы сирек. Ең бастысы, денсаулығы жарамды болса әскер қатарына алынады.  Биылғы үлкен жаңалық — күзден бастап әскери борышын өтеу мерзімі 1 жыл 6 ай болады, — деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, майор Әділет Отарбаев  журналистерге берген сұхбатында.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button