Жаңалықтар

Өндірістік нысандар жұмысы — бақылауда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралап, жаңа өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен, облыс орталығын жетілдіру жайымен танысып, «Ақтөбе-Жас» бірінші лигасының футбол командасымен кездесті.

Өнеркәсіптік аймақта облыс басшысы «СтройБетонСнаб» ЖШС-ның бетон өнімдерін шығаратын цехында болды. Жоба «Даму-Өндіріс» және «Бизнестің жол картасы —2020» бағдарламалары бойынша жылына 4%-дық мөлшермен қаржыландырылды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын облыстың жетекші құрылыс компанияларынан сұранысқа ие темірбетон конструкцияларының (плиталар, блоктар, ұстатқыштар және т.б.) түрлерін өндіреді. Өндірістік қуаттылығы 63 мың текше метрлік өнімді құрайды. 80 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ облыс әкімі «Фотон» ТД» ЖШС-ның кеуекті бетон шығаратын зауытында болды. Кәсіпорын 2009 жылдан бастап тоқтап тұр. Ағымдағы жылы өндірісті қалпына келтіру үшін жеке инвестор 500 миллион теңге бөлді. Ағымдағы жылдың қараша айында қуаттылығы 170 мың текше метр болатын зауыт іске қосылады.

«Нефтяник» стадионында Бердібек Сапарбаев қайтадан құрылған «Ақтөбе-Жас» футбол командасы құрамымен кездесті. Ойыншылармен әңгімелесу барысында облыс басшысы жастар футболын дамытуға, оқу процесінің тиімді ұйымдастырылуына және негізгі команда үшін перспективалық ойыншылардың дайындығына баса назар аударды.

Бұдан басқа, осы күні облыс әкімі Ә.Молдағұлова даңғылындағы жаңа жерүсті жүргінші өткелін қарады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button