Жаңалықтар

Әдеп мәселесі сөз болды

Семинар-кеңес

Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексіне байланысты және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша ел аумағында семинар-кеңестер өтіп жатыр.  Осындай шаралар біздің облысымыздың аудандарында да басталды.

Сәрсенбі күні  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, облыс әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарова, мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Бисекешова, мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Руслан Мәжитов Ойыл ауданының  мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.  Семинар-кеңеске аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мемлекеттік мекемлердің басшылары мен кадр құжаттарымен айналысатын мамандар және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кездесуді  ашқан аудан әкімі Дастан Сағыров ауданда мемлекеттік қызмет саласында істейтін кадрлардың бұл мәселелерге негізінен үлкен жауапкершілікпен қарайтынын айта келіп,  мемлекеттік қызметкерлерді ауылдық жерлер үшін елеусіз болып көрінетін заңға қайшы әрекеттерден сақ болуға шақырды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин кеңестің  белгілі кезеңдегі атқарған жұмыстарына тоқталып,  мемлекеттік қызметкерлерге  қойылатын талаптарды нақты өмірдегі мысалдармен сабақтастыра әңгімеледі.

Ал ауданның  ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Амантай Таласбаев  ағымдағы жылы аудан көлемінде орын алған жол қозғалысындағы құқықбұзушылықтар мен оның алдын алуға байланысты қолға алынған  жұмыстарды баяндады.

Іс-шара барысында семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бейнероликтер көрсетілді.

Семинар- кеңесте мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Руслан Мәжитов, облыс әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарова, мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Бисекешова семинардың  күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде мемлекеттік қызметкерліктен үміткер, Қарағандының мемлекеттік техникалық университетін 2016 жылы біріген жас маман Аманбек Бақытов, Ойыл аграрлық колледжінің түлегі, мемлекеттік қызметші болуға дайындалып жүрген Светлана Шамаева, С. Сейфуллин атындағы Астана агро-техникалық университетінің түлегі  мемлекеттік қызметші Қайсар Қазиев өздерін толғандырып жүрген сауалдарына тиянақты жауаптар алды.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button