Жаңалықтар

Бәріміз үлес қосайық

Болашақтың бағдары

Елбасымыз халқының әл-ауқатын арттыру, жарқын болашаққа жетелеу жолында тынбай жұмыс жасауының нәтижесінде еліміз жыл сайын қарыштап дамып, Елбасымызбен бірге жарқын болашаққа қадам басып келеміз.

Бүгінгі ел мен жердің жаңарар сәті — шуақты көктемнің алғашқы күндерінің бірінде өз халқына ұсынып отырған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» барша қазақстандықтардың көңілінен шыққаны сөзсіз.

Бүгінгі бес бастаманың еліміздің әр тұрғынының әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы өте зор болмақ. Мәселен, тұрғын үй несиесінің пайызын төмендету — қазіргі таңдағы ең өзекті, ең қажетті мәселе. Әсіресе жас отбасылар бұл бастаманы қуана қабылдап жатқаны белгілі.

Қазақстанның әр тұрғыны қолжетімді баспанаға жеті пайыздық несиемен қол жеткізсе өте керемет болар еді. Екінші бастамасында айтылған жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесі қазіргі нарық талабында барлық отбасындағы қажеттілік деуге болады.

Үшінші бастамадағы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бағыты да көпшілік қолдауына ие деп білеміз.

Сонымен қатар халыққа несие беру жайын жақсарту, халықты газбен қамтамасыз ету мәселелері де халық көңілінен орын табар жайлар.

Мен өз елімнің патриоты ретінде Елбасымыздың жаңа бастамасын қолдай отырып, барлық жерлестерімді ілгері істерге бірлесе үлес қосып, жүзеге асыруға шақырамын.

                                                           М.НАШАНОВА,

                                                                       Шалқар аудандық

көркемсурет лицейі қызметкері.

 

БҰЛ — ЖАСТАРҒА ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі ел ішінде ерекше серпіліс тудырды. Бұл бес әлеуметтік бастамада халықтың жағдайын жақсарту мақсатында баспана жайы, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту мен салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасы, шағын несие беру және елді көгілдір отынмен қамтамасыз ету секілді бірнеше жақсы мүмкіндіктер қарастырылған.

Солардың ішінде үшінші бастама — білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесін қамтыған. Мемлекетімізде инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология және ауылшаруашылық салаларындағы кадрларды  көбейту бойынша 2018-2019 оқу жылдарына 20 мың грант бөлу керектігі жайында айтылған. Бұл жастардың жоғары оқу орындарына түсулеріне толықтай мүмкіндік береді. Сонымен қоса студент жастардың жатақханадағы жағдайларын жақсарту жұмыстары Білім және ғылым министрлігі тарапынан жоспарға қойылды.

Президент өз сөзінде «Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып студенттердің білім алуына және олардың тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет» деген болатын. Осыған орай 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан бойынша студенттерге арналған 75 мың орындық жаңа жатақханалар салуды тапсырды.

Осы бастамалардың барлығы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада сұранысқа ие сан мыңдаған мамандар тапшылығының шешілуін қамтамасыз ететіні қуантады.

Айнұр ҚАРТБАЕВА,

№2 Бадамша орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қарғалы ауданы.

ЖАҚСЫ МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ

Бұл бастама Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруге де үлкен мүмкіндік береді. Үндеуде қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту, яғни әрбір отбасының баспаналы болуына қолжетімділігі, жалақысы төмен қазақстандықтарға қолдау көрсету тұрғысынан нақты мәселелер қозғалады. Жоғарғы оқу орындарына бөлінетін гранттарды көбейту, студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету, еліміздің болашағы — жастардың жоғары сапалы білім алуына жағдай жасау ретінде көрініс табады.

Кәсіпкерлікті дамытуға да жағдай жасалып отыр, яғни жұмыссыз жүрген мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік берілмекші.

Елді газбен қамтамасыз ету халықтың тұрмыс жағдайын және экологияны  жақсартудың негізі болып табылады. Бұл бастама біздің әлеуметтік мемлекет болып қалыптасуымызға, яғни  дені сау, ауқатты, білімді ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

С.НҰРАЛИНА.

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button