Рухани жаңғыруӘлеумет

60 оқушы экспедицияға барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Есет Көкіұлының мәңгі өшпес рухы» атты өлкетану экспедициясы батырдың мәңгі тыныстаған мекені — Алға ауданының Бестамақ өңіріне ұйымдастырылды.

Есет Көкіұлының 350 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған өлкетану экспедициясы Ақтөбе қаласынан бастау алды. Оқушылар Бестамақ ауылындағы Есет батырға арналған мемориалдық кесенемен танысып, ондағы батырға арналған музейді тамашалады. Экспедиция барысында оқушылар Есет Көкіұлының өмірі мен жорық жолдары, ерлігі жайында таным көкжиектерін кеңейтті.

Экспедициямен барған 60 оқушының қатысуымен Бестамақ елді мекеніне өлкетану-экология бағытында зерттеу жұмыстыры жүргізілді. Балалар Есет батыр рухына тағзым етіп, экспедициядан үлкен әсер алып қайтты.

Жемісгүл МАМБЕТНИЯЗОВА,

қалалық жас туристер

стансасының әдіскері.

Ақтөбе қаласы.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button