Рухани жаңғыру

Жанымызға жақын жаңашылдық

Мемлекет пен ұлт ұғымдарын және елдегі қоғам мүшелерінің жаңа сана-сезіміне біртұтас, жаңа көзқарасты, ел бірлігі мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көзделген мақсаттарға жету, кез келген салада бәсекелестікке қабілетті, ұлттық идеологияны бағдарға алатын  басты нысана ретінде қондырып,  нықтау – ең алдымен атқарылатын жұмыстардың тиімділігі, сонымен қатар уақыт еншісінде екені хақ.

Президенттің мақаласын жалпы бұқара оңды қабылдап, республикамыздың халқы осы бағыттарды басты назарға алып, насихаттау және бағдарламаларды іске асыру жұмыстарын бірден қолға алып, қызу айналысып кетті. Өзін Егеменді Қазақстанның бір бөлшегі, нағыз жанашырымын деп санайтын әрбір азамат өз күш-жігерін осы бағыттарға аянбай жұмсауда. Ұлтымыздың қастерлі қасиеттерін бейнелейтін басты құндылықтарымызды халықтың ұғымына сіңдіріп, сол арқылы рухты көтеру маңызды десек, бүгінгі латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің қабылдануы егемендігіміз үшін тарихи күн. Сөзіміздің дәлеліне жалпы елімізде жүргізіліп отырған ұлттық идеология саясатын алсақ, бұл қадам — ұлттық құндылығымыздың басты айшығы – төл тілімізді дамытуға арналған нақты қадамдардың негізгісі деп айтсақ болады.

Кез келген бастама бұрынғы қалыптасқан көзқарастар мен стереотиптерден бір мезетте бас тарту немесе қол үзуге қиындық туғызары анық. Дей тұрғанмен, біздің қазақ тілінің даму тарихына көз жүгіртсек, бірнеше өзгерістерді ешбір қиындықсыз жеңіп келгенін көріп, бұл жаңашылдықтың да өз мақсатына ешбір мүлтіксіз жетіп, еліміздің өркендеуіне, бірегейлігін сақтауға бағытталған осы бір маңызды бастамада бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір кісідей жұмылатын кезеңде барша тіл жанашырларының еңбектерінің жемісті болатындығына сеніміміз мол. Әрине, алда көптеген қарқынды, табандылық пен терең білімді қажет ететін жұмыстар күтіп тұр. Нағыз елжанды азаматтар егер ұрпағының болашағын ойласа, осы бастаманы қолдауға тиіс.

 

Жанат НҰРМҰХАМБЕТОВА,

ҚР ІІМ М. Бөкенбаев

атындағы Ақтөбе заң институтының

мемлекеттік тіл және ақпарат

бөлімшесінің бастығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button