Жаңалықтар

Халықаралық сарапшының жоғары бағасы

Халықаралық сарапшы облыста дуальды оқыту әдісінің енгізілуіне  жоғары баға берді. 

Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  Герман халықаралық әріптестік жөніндегі қоғамның аға кеңесшісі (GIZ), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің халықаралық кеңесшісі Райнер Гёртцпен кездесті. Р.Гёртц Ақтөбеге дуальды білім беру жөніндегі  семинар-жаттығуға қатысу үшін келген.

Кездесу барысында олар дуальды білім берудің еліміздің батысында, атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы даму келешегін талқылады.

Шетелдік сарапшы өз сөзінде Бердібек Сапарбаевтың дуальды білім беруді Қазақстанға енгізуге басталық еткендердің бірі болғанын және түрлі қызметтерде  жүріп аталмыш процесске елеулі үлес қосқанын ерекше атады.

Сіздің түрткі болуыңызбен орын алған ахуал дуалды білім беруді дамыту үшін өте маңызды болды деп есептеймін. Дуальды оқыту әдісі айтарлықтай прогреске ие болғанын мойындауымыз керек.  Өткен жылы заңнамаға маңызды түзетулер жасалып, биыл бұл жүйені кеңінен енгізу ісі қолға алынды. Мәселен, Ақтөбе политехникалық колледжінде мен Ақтөбе облысында дуальды оқытудың жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанына  көз жеткіздім, — деді Р.Гёртц.

Өз кезегінде облыс әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған басты тапсырмаларының бірі — жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу екенін айтты. Осыған байланысты дуальды білім беру үлгісі Қазақстан үшін одан да маңызды саналмақ.

Сонымен қатар, келер жылы Ақтөбеде дуальды оқыту әдісін енгізуге байланысты халықаралық конференция өткізудің мүмкіндіктері қарастырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button