Құқық

Табиғатты қорғау заңдылығын бұзғандар жазаланды

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында табиғатты қорғау заңдылығы бұзылуының 182 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысы көлемінде 10-31 шілде аралығында облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастарды.

Шараның негізгі мақсаты — табиғатты қорғау бағытында болатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтау, қылмыстың алдын-алу және жолын кесу болып табылады.  «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілу барысына  32-ден астам мобильдік топ жұмылдырылды.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында табиғатты қорғау заңдылығы бұзылуының 182 фактісі анықталды. Оның ішінде 178 факті бойынша жалпы көлемі 805 495 теңге құрайтын әкімшілік хаттамалар толтырылды. Егер мұны жіктеп айтар болсақ, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережесін бұзғаны үшін — 56, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін — 37, өсімдіктер дүниесі аймағындағы заңбұзушылықтар — 30, ортақ суды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін — 59 факт анықталған болып шығады.

Сонымен қатар, ІІД Табиғатты қорғау қызметінде экологиялық қылмыстық әрекеттерді анықтау мен болдырмауға да  аса үлкен мән беріледі.

Жедел-профилактикалық іс-шараның өткізілу кезеңінде 3 қылмыстық әрекеттер анықталып, қылмыстық іс қозғалды.  Соның бір мысалы, 11 шілде күнгі  шара барысында Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы аумағындағы ауылдық жолдардың бойынан қараған ағашын заңсыз шабу фактісін анықтап, қылмыстық іс қозғады.

 Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button