ЖаңалықтарРесми

Тағайындаулар

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Бұлбұл Ораққызы Елеусінова «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Бұлбұл ЕЛЕУСІНОВА

1976 жылы қыркүйекте туған. Білімі жоғары.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақ-орыс халықаралық университетін мұғалім және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 2004 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік және мәдени даму бөлімінде бас маман болып қызмет еткен, сонымен қатар, Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың қараша айынан бері – облыс әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаева «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

 Гүлкасима СҮЙІНТАЕВА

1964 жылы шілдеде туған. Білімі жоғары.

Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, Халықаралық бизнес академиясын іскерлік басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы тамыз айында Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің №1 орталықтандырылған есеп бөлімінде есепші болып бастаған.

2001 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері бойынша агенттігінің бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаларды сараптау басқармасын басқарды.

2017 жылдың басынан бері Астана қаласындағы Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша есеп комитетінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Құсайын Іскендірұлы Сәрсенбай «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Құсайын СӘРСЕНБАЙ

1961 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

Алматы мал дәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «Тоғыз» кеңшарында мал дәрігері қызметінен бастаған. Шалқар ауданы Тоғыз селолық округінің әкімі, кейін Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы ретінде қызметтер атқарған.

2014 жылдың қараша айынан бері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button