Жаңалықтар

Ескертсең, жеке кәсіпкер боласың

Биыл қаңтардан бастап елімізде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі өзгерді.

Елімізде жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу ережесі өзгерді. Жеке кәсіпкерлікті тіркеу үшін өтініш беру шарт емес, ескерту жасаса болғаны. Демек, енді азаматтар жеке кәсіпкерлік ашу үшін салық органына өтініш берудің орнына бар болғаны кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерте салады. Осылайша  азаматтар кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерту жіберген сәттен бастап кәсіпкер ретінде санала береді.

Егер жеке кәсіпкерлікті бірнеше адам бірігіп ашса, онда құзіретті адам барлық мүшелер атынан сенімхат тапсыруы тиіс.

Ескертуді екі жолмен жіберуге болады: электронды  ҚР электронды лицензиялау порталы арқылы немесе мемлекеттік кіріс мекемелеріне құжатты қағаз күйінде алып баруға болады. Екі жағдайда да жеке кәсіпкерлікті тіркеу уақыты бір күн.

Ескерту жіберілгеннен кейін азаматқа кәсіпкер болғаны туралы ешқандай да құжат берілмейді және алым алынбайды.

ҚазАқпарат.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button