Жастар

Ақтөбеде «серпін» бағдарламасы бойынша 418 студент оқиды

Жақында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат  Әбенов бастаған бір топ маман Құбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.

Алдымен университеттің тәрбие ісі жөніндегі және жастар саясаты бөлімінің басшысы Әлібек Қаратаев сөз алып, «Серпін — 2050»  әлеуметтік  жобасының маңыздылығы туралы айтты.

Бұл бағдарлама — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан — 2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың бірі. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуымыз үшін сапалы маман даярлауымыз керек. Осыған байланысты ел Үкіметі «Мәңгілік Ел жастары — индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін — 2050» деп аталады, — деді Ә.Қаратаев. Оның айтуынша, аталған бағдарлама қолға алынған үш жылдан бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан келіп, 418 студент оқып жатыр. Оның 150-і оқуға биыл түскен. Серпіндік жастар негізінен 16 мамандық бойынша білім алуда. Бұған дейін студенттер  негізінен педагогикалық мамандықтарға қабылданса, биылдан бастап техникалық мамандықтарға да басымдық берілген.

Жиын барысында сөз алған Мұрат Әбенов «Серпін — 2050» бағдарламасы бойынша  оқуға түскен студенттердің жетістіктері жөнінде, алда жоспарланған мақсат, міндеттер туралы әңгімеледі.

Басқосуда жастар Мұрат Әбеновке сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.

 Жансая КЕНЕШОВА,

Құбанов атындағы

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

филология факультетінің 3курс студенті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button