ЖаңалықтарРесми

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс  әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2016 жылдың 6 қыркүйегіндегі  өкімімен Қайрат Асқарбекұлы Бекенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қайрат Асқарбекұлы БЕКЕНОВ

 

1978 жылы 21 қазанда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист, Құқық және нарық академиясын заңгер, ҚР Президенті жанындағы  мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Алматы қаласының салық инспекторы,  ҚР Қаржы министрлігінің үкіметтік заемдарды тарту департаментінің басқарма бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болды.

Сондай-ақ  Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Кейінгі атқарған қызметі — «Ақтөбе ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы.

 

* * *

Ғали Есқалиев басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button