ЖаңалықтарРесми

Облыс әкімдігінің ресми сайты жаңартылды

Жаңа дизайн бүгінгі уақыт талабына сәйкес, сайттың ақпараттылығы мен безендірілуінде көрініс табады.

www.aktobe.gov.kz сайтын әзірлеушілер сайттың дәстүрлі, қажетті мазмұнын сақтай отырып, сайт қонақтары үшін бірқатар жаңашылдықтар енгізген. «Әкім блогы», «Виртуальдық қабылдау», «Халықтық бақылау», «Облыс деректері», «Фотогалерея» бөлімдері кері байланысқа мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Инвестор үшін», «Бизнесті қолдау» бөлімдері ерекше орын алған. «Кадрлық саясат» бөлімі Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдіргендерге қолжетімді. Мұнда жақын арада салықтар бойынша қарызын тексеруге және жеке тұрғын үй салуға жер телімін алу кезегін қарауға мүмкіндік болады.

Сонымен қатар облыстың әрбір тұрғыны «Жиі қойылатын сұрақтар» және «Мемлекеттік қызметтер» бөлімдерінде қажетті кеңестерге қол жеткізе алады.

Ақпараттың жан-жақты қабылдануына инфографиканың да әсері мол.  Ол экономика және әлеуметтік сала бойынша арнайы бөлімдерінде кеңінен қолданылады.

Болашаққа бағыт алған ақтөбеліктерге жаңа сайт олардың жағымды жаңалықтар мен табысты еңбекке толы әр күндерін қадағалауға мүмкіндік туғызады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button