Жаңалықтар

«Ақтөбе өнімдері» немесе делдалсыз сауда

Жәрмеңке

Облыстық кәсіпкерлер палатасы «Ақтөбе өнімдері» атауымен «Орда» сауда үйінде екі күн бойы 60 жергілікті өнім өндірушілердің еңбектерінің жемістерін жұртшылыққа ұсынуға жағдай жасады. Тұрғындарға ет, шұжық өнімдері, балық, сүт, айран, сүзбе, нан, ұннан жасалған тағамдар, балдың түрлері, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлар сатылды.
— Мұндай шара облыс орталығында бірінші рет өткізіліп отыр. Біз оны «Ақтөбе өнімдері» деп атадық. Осылайша біз қала тұрғындарына өзімізде не өндірілетінін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге жергілікті өнім өндірушілерге қолдау да көрсетпекшіміз. Тұтынушылар мұнда қажет заттарын ешқандай делдалдың араласуынсыз, оңтайлы бағаға ала алады, — дейді палата директоры Нұрлыбек Мұқанов.
Сатушылар арасында ембілік кәсіпкер Дания Рысқұлованың алдына келушілер бір сәт те толастаған жоқ. Ол 2014 жылы «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорынан бір жарым миллион теңге алып, бір жыл ішінде шаруасын дөңгелентіп алған болатын. Темірлік Мәншүк Көккөзова өзінің жеке цехында дайындалған дәмді тұшпараларды ауыл тұрғындарының үлкен сұраныспен алып кететінін айтады.
Ақтөбе қаласындағы тұрақтандыру қорының көкөністері де тез арада өтіп кетті. Жалпы алғанда, екі күн ішінде үш тоннадан астам жылқы, сиыр, шошқа еті, 500 литр шамасында қымыз бен сүт тұтынушыларын тапты.

Әсия НҰРПЕЙІСОВА,
Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button