Жаңалықтар

«Нұр Отанның» жедел желісі іске қосылды

Халықпен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында 7 желтоқсаннан бастап «Нұр Отан» партиясы Жедел желіні іске қосты. Желінің бірыңғай он бір сандық нөмірі — 8 800 080 4441.
Енді азаматтар Қазақстанның кез келген нүктесінен тегін қоңырау шалуға мүмкіндік алады (осы уақытқа дейін облыс орталықтарынан тек 59-78-50 нөміріне тегін хабарласуға болатын еді. Бұл желі 7 желтоқсаннан бастап өшіріледі).
Жедел желінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері соғылған қоңыраулар жазылып отырады. Ешбір өтініш қараусыз қалмайды.
Сондай-ақ, азаматтар хабарламаларды және Whatsapp мессенджері арқылы сурет пен видеоны + 7 700 800 4441 нөміріне жібере алады.
Азаматтар жедел желімен:
1) «Нұр Отан» партиясы мүшесінің Әдеп кодексін бұзғаны мен заңсыз әрекеттері, оның ішінде мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық заң бұзушылықтары, бюджеттік қаржылардың, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және салалық, өңірлік бағдарламаларға байланысты тиімсіз пайдаланылған деректері бойынша хабарлай алады;
2) азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауына жазылып, өтініштердің қаралу барысын біліп, кеңес алып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру, т.б. бойынша ұсыныстар бере алады.

www.nurotan.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button