Ауыл

Қамқоршылармен кездесті

Ембі қаласындағы №2 орта мектепте «Қайырымды жан» тақырыбында өткен акцияға қамқоршылар келді.
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, мәртебесін арттыру, оларға демеу көрсету мақсатында өткен шараны Ембі қаласындағы №1, №2, №3, №4, №7 орта мектептердің әлеуметтік педагогтары ұйымдастырды. Кездесуге Ембі қалалық әкімдігінің өкілдері мен әр мектептегі қорғаншылықтағы баланың қамқоршылары, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері қатысты.
Кездесу кезінде мектеп әкімшілігі бала болашағы мен тәрбиесіне қатысты жауапты міндетті мойындарына алған қамқоршыларға ризашылық білдірді, Алғыс хаттар табысталды. Құралай Жұбатқанова мен Гүлнар Аман қорғаншылар атынан сөз сөйледі. Шара барысында оқушылар «Туған жер», «Анама», «Менің әкем» сынды әндерді орындап, «Жетім қыз» монологын оқыды.

Аманбай ҚОНАҚБАЕВ,
Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button