Ауыл

Оңғар селосына газ келеді

«Восход» тау-кен байыту комбинаты әлеуметтік әріптестік аясында Оңғар селосы мен кәсіпорынның өнеркәсіптік нысандарына газ желісі құрылысын жалғастыруда.
Бұл жұмыстарды жүргізу биылғы тамыз айында басталған болатын. Желіні бұрыннан жұмыс істеп тұрған Хромтау-Бадамша жоғары қысымдағы газ құбырына қосу жоспарланған.
«Yildirim Group Holding» басқарушы компаниясы жобаны қаржыландыруды өз мойнына алды. Құрылыстың негізгі мердігері — «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС.
Алдағы уақытта селодағы тоқсаннан астам үй газ желісіне қосылатын болады.
Дөң селолық округі әкімшілігі мен «Восход-Oriel» өкілдері ұйымдастырған ауыл тұрғындарымен кездесу жиынында «Восход» жобасының жетекшісі Реджеп Юнал: «Ауылды және кен орнын газ желісіне қосу 2011 жылы жоспарланған болатын, алайда қаржы мәселесінің шешілмеуіне байланысты одан кейінге қалдырылды. «Yildirim Group Holding» басқарушы компаниясы жалпы экономикалық дағдарысқа қарамастан өткен жылы жобалық келісім шартқа түзетулер енгізгеннен кейін газ желісі құрылысын қаржыландыру бойынша өзіне міндеттеме қабылдады.
Ауыл тұрғындары биылғы жылдың соңына таман көгілдір отын игілігін көрмекші, — дейді.

Ләззат ӘБДІРОВА,
Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button